384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста ұшақ апатынан 5 адам көз жұмды

  • 311
  • UPD: 14:11, 19.05.2019
Гондураста ұшақ апатынан 5 адам көз жұмды

Гондурастың Роатан аралында шағын ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты.

Әуе көлігі Роатан әуежайынан шыққан соң көп ұзамай мұхитқа құлады. Ұшақ Трухильо қаласына бет алып бара жатқан. Әзірге апаттың себептері белгісіз. Қаза тапқандардың төртеуі АҚШ азаматтары. Бесінші жолаушының әлі қай елдің өкілі екені анықталған жоқ. Бірақ ол да шетелдік саяхатшы деген ақпар бар. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы