383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миллионнан астам адам «Тақтар ойынының» сегізінші маусымын қайта түсіруді талап етуде

  • 184
  • UPD: 15:31, 19.05.2019
Миллионнан астам адам «Тақтар ойынының» сегізінші маусымын қайта түсіруді талап етуде

Game of Thrones жанкүйерлері сценаристерге көңілі толмағандарын айтып, сегізінші маусымды қайта түсіруді талап етіп петиция жариялады. 

Change.org сайтында жарияланған петицияға бірнеше күнде миллионнан астам адам қол қойған, деп жазады tellerreport.com. «Тақтар ойыны» сериалының жанкүйерлері сценаристер Дэвид Бениофф пен Д.Б.Вейсстің жұмысына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, кинематографистер фантастикалық саганың соңын лайықты аяқтай алмаған», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, петиция жарияланған бетте оған бірден 480 мың адам қол қойған. «Соған қарамастан соңғы маусым көрілім саны бойынша рекорд көрсеткен. Сегізінші маусымның бесінші сериясын 18,4 миллион адам көрген», – деп жазады автор. Оның айтуынша, сериалдың жаңа маусымын көрермендердің 42 пайызы ғана оң бағалаған. Ал өткен маусымда бұл көрсеткіш 71% құраған еді.

Айта кету керек, «Тақтар ойыны» сериалы соңғы жылдардағы ең танымал тележобалардың бірі саналады. Телехикая Джон Мартиннің A Song of Ice and Fire атты романының желісімен түсірілген және он жылдың көлемінде көрермендердің қызығушылығына бөленіп келеді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы