383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиядағы парламенттік сайлауда оппозициялық партия жеңіліс тапты

  • 162
Австралиядағы парламенттік сайлауда оппозициялық партия жеңіліс тапты

Австралияда өткен паралменттік сайлауда  премьер-министр Скот Моррристің «Оңшыл партиясы» жеңіске жетті.

Оппозициялық лейбористік партия күтпеген жерден жеңіліс тапты. Әзірге саяси доданың ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Бірақ лейбористердің жетекшісі Билл Шортен өз жеңілісін мойындап, отставкаға кететінін жариялады. Ал келешек үкіметтің қалай жасақталатыны белгісіз. Себебі консерваторлар басым орынға ие бола алмаса өзге саяси күштермен бірлесіп коалициялық кабинет жасақтауына тура келеді. Айта кетейік, Австралияда парламенттік сайлау әр 3 жыл сайын өтеді. Бұл елде сайлауға қатыспаған азаматқа 12 еуродай айыппұл қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы