383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте дәмханалар «Тақтар ойыны» көрермендеріне арнайы ас мәзірлерін жасады

  • 120
Нью-Йоркте дәмханалар «Тақтар ойыны» көрермендеріне арнайы ас мәзірлерін жасады

Нью-Йорк дәмханалары «Тақтар ойыны» фильмінің соңғы сериалы көрсетілетініне орай тұрғындарға түрлі тағамдар ұсынып жатыр.

Ал ас мәзірлері көптің көңілінен шыққан. Тәтті тоқаштан үлкен бәліштерге дейін бағасына қарамай бірден сатылып кетуде. Дәмхананың бірі қонақтарына фильмдегі бәсекелес әулеттердің таңбасын жасаса, енді бірі айдаһардың жұмыртқасын ұсынуда. Мысалға, бір торттың құны – 125 доллар. Бірақ қымбат баға «Тақтар ойыны» жанкүйерлерін шошытып отырған жоқ. Тапсырыс көп. Тағамдар лезде сатылып жатыр. Ал америкалықтар басты таққа кім отыратынын бүгін түнде білетін болады. 

Хабар 24 телеарнасы