382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда парламенттік сайлауға 101 млн-нан астам адам қатысуда

  • 17
Үндістанда парламенттік сайлауға 101 млн-нан астам адам қатысуда

Үндістанда парламенттік сайлаудың соңғы кезеңі басталды.

Оған 101 миллионнан астам адам қатысып жатыр. Соңғы саяси шара елдің 8 штатында жүруде. Тұрғындар бұл кезеңде төменгі палатаның 59 депутатын таңдайды. Жалпы Үндістанда бұл дода сәуірдің 11-інде басталған. Халық парламенттің 545 депутатын таңдауы тиіс. Ал мемлекетте 900 миллион адамның дауыс беру құқығы бар. Сондықтан шара 7 кезеңге бөлініп, жүзеге асырылып жатыр. Басты тартыс қазіргі Премьер-министр Нарендра Модидің «Бхаратия джаната» партиясы мен оппозициялық «Үнді Ұлттық конгрессі» арасында өрбуде. Парламентте 272 орынға ие болған партия үкіметті жасақтай алады.

Хабар 24 телеарнасы