378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік желаяқ 10 шақырымды бағындырған соң қайтыс болды

  • 215
  • UPD: 21:48, 19.05.2019
Ресейлік желаяқ 10 шақырымды бағындырған соң қайтыс болды championat.com

Ресейлік желаяқ Владимир Корчевский Мәскеу жартылай марафонында 10 шақырымды бағындырғаннан соң қайтыс болды.

Белгілі болғандай, спортшы Лужнецк жағалауына келгенде өзін нашар сезінген, алайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Ол мәрені 57 минут 27 секундта кесті.

Владимир Корчевский марапатын алып, «Лужников» аумағынан шыққанда өзін қайта нашар сезінген. Алайда дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері спортшыны аман сақтап қала алмады.

Айта кетейік, Мәскеу жартылай марафоны Ресейдегі ең ауқымды марафон саналады. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Жарысқа 48 елден 20 000 желаяқ келген.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы