389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақты

  • 261
  • UPD: 08:51, 20.05.2019

Әзербайжанда жылжымайтын мүлік нарығы бұрынғыға қарағанда қазір тұрақталды. Сарапшылар баспана бағасы 2013 жылмен салыстырғанда аса қымбаттамағанын алға тартады.

Оған жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу заңына енгізілген өзгерістерге әсер еткен секілді. Тілші сараптайды.

Әзербайжанда құрылыс саласымен байланысты заңдарға өзгерістер енгізілгеннен бері бұл секторға назар күшейген. Үкімет ескі ғимараттарды бұзып, оның орынына жаңаларын салу жобаларын жүзеге асыруға кіріскен. Адамдар үйге жекеменшік құжатты бірден ала алады. Осындай жайттардың жылжымайтын мүлік нарығына әсері көп.

Эльнур Фарзалиев, құрылыс саласы бойынша сарапшы:

 -Егер бірнеше жыл бұрын қаланың жақсы аудандарында пәтердің 1 шаршы метрі 350 доллардан басталған болса, қазіргі баға 500 доллардан жоғары. Жаңа салынып жатқан тұрғын үй болса баспана құны бұдан төмен болуы мүмкін. Қазір жаз айында баға түспейді. Керісінше өсетін шығар.   

Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығы елдегі жалпы экономикалық ахуалға байланысты өзгеріп отыратынын айтады. Мысалы, баспана құны құрылыс компаниялары арасында бәсекелестік жоғары болса төмендеуі мүмкін.

Рамиль Османлы, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы:

- Соңғы 2 жылда жылжымайтын мүлік нарығы тұрақталды. Былтыр ол 8,5 пайызға өсті.  Биыл жыл басынан 2,1 процентке көтерілді. Тек наурыз айында ғана 1,5 пайызға төмендеді. Бұл қаладағы аудандарға байланысты. Жалпы нарықтың тұрақталып келе жатқаны байқалады. Себебі, бұрындары бұл нарықта қолма-қол есеп айырысатын ақша көп болған.

Сарапшылар сату-сатып алу операциялары жаңа үйлер нарығында көп екенін айтады. Тұрғындар баспананың жаңа болғанын қалайды. Қолданыстағы ескі пәтерлермен операция болса көбіне ипотекалық қорлардың несиелері есебінен жүзеге асуда. Жер үйлерге де сұраныс артқан. Бұл сектордың жылжымайтын мүлік нарығындағы үлесі 60 пайызды құрап отыр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы