389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда пәтерлер бағасы тұрақталды

  • 231
  • UPD: 10:27, 20.05.2019
Қырғызстанда пәтерлер бағасы тұрақталды

Қырғызстанда соңғы бірнеше жылда жылжымайтын мүлік нарығы тұрақталды. Жаңа мен қолданыстағы тұрғын үйлерге бағаның құбылуы тоқтады.

Бішкекте тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 600-1200 доллар аралығында. Көктем мен жаз айларында оның құны сұраныстың төмендеуінен біршама арзандайды. Күз бен қыс кезінде, керісінше, қайта қымбаттайды. Сарапшылар мұны тұрғындардың жыл басында қаржысын өндіріс пен ауыл шаруашылығына салып, жылдың екінші жартысында тапқан табысына баспана алатындығымен түсіндіреді. Бірақ пәтерді жалға алу нарығы өзгеріссіз қалуда. 

 Алибек Алдабеков, жылжымайтын мүлік агенттігінің менеджері:

- Жалға алу нарығы әрқашанда тұрақты. Ол құлдилап төмендеген, не шарықтап өскен емес. Бұл нарық бірқалыпты жалғасып келеді. Мемлекеттің қолдауымен несиеге үй алуға сұраныс біршама артты. Үкіметтік бағдарлама бойынша оның мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.

Қырғызстанда ипотекалық қаржыландыруға сұраныс аз. Банктердің 17 проценттік жылдық үстемесімен баспана алуға тұрғындардың көбінің шамасы жетпейді. Оны өтеу мерзімі де аз. 5-8 жыл. Дегенмен, мемлекеттік қызметкерлер үшін жеңілдік көп. Үкіметтік бағдарлама бойынша берілетін несиенің пайыздық үстемесі төмен, қайтару мерзімі де ұзақ. Соңғы уақытта үйді пайда табу мақсатында сатып алатындар көбейген.

Айнур Эстебесова, риэлтор:

- Адамдар әдетте үйді қайта сату үшін алатын болса оған кешеннің құрылысы басталмай жатып ақшасын салады. Яғни баспананың құны арзан кезінде сатып алады. Өйткені содан кейін оны қайта сатып жіберетінін біледі.

Қазір Қырғызстан тұрғын үй нарығында бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Жаңа үйлер нарығы болсын қолданыстағы тұрғын үй кешендері болсын жағдай бірдей. Екеуінің арасындағы баға айырмашылығы да көп емес. 6-7 мың доллар.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы