Бразилияның оңтүстік шығысындағы Витория қаласын су алып кетті.
Толассыз жауған нөсердің салдарынан қалада төтенше жағдай жарияланды. Мамандардың хабарлауы бойынша, соңғы тәуліктегі жауын-шашын мөлшері 240 милиметрден асып кеткен. Әдетте, бұл мамыр айында күтілетін бір айлық көрсеткіш. Айта кетсек, Еспирито Санто облысында нөсер жауын соңғы жұма күні басталған. Топан судың кесірінен жол қозғалысы қиындап кетті. Жергілікті ақпарат көздері таратқан мәліметке сәйкес, аймақтағы мекемелер мен дүкендер амал жоқтан жұмыстарын тоқтатқан. Бұдан бөлек, Сан Пауло мен Рио де Жанейрода да нөсер жауыннан зардап шекті.