380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде 700 млн астам адам кедейшілік жағдайда өмір сүреді

  • 147
  • UPD: 12:46, 20.05.2019

Әлемде 700 миллионнан астам адам кедейшілік жағдайда өмір сүреді.

Оңтүстік Азия мен Сахарадан отүстікке қарай орналасқан Африка елдеріндегі халықтың 42 пайызы кедей. Әсіресе қарулы қақтығыстар орын алып жатқан елдердің тұрғындары қайыршылыққа көптеп ұшырайды. АҚШ-та да көше кезген қаңғыбастардың саны көбейген. Бұл мемлекетте 2015-ші жылдан бері кірісі 1,9 доллардан төмен адамды кедей қатарына жатқызады. Осыған байланысты халықаралық ұйымдар бұл мәселе үшін алаңдаушылық білідіріп отыр. БҰҰ кедейшілпен күресуге шақырып қарар қабылдады. Ол әлемнің әр мемлекетінің өз экономикасын дамытып, халықының әл-ауқатын жақсартуға үндейді. 

Диан Томсон, Нью-Йорк тұрғыны:

- Елде кедейшіліктің бар болғаны әрине ұят. Кедейлер қайыршыланып дәулеттілер одан әрі баюда. Тіпті орта таптың өзіне оңай соғып отырған жоқ. Аз ғана топтың қолында ақша мол болса, көп тұрғындар мүсәпірлік жағдайда өмір кешуде. Байқағаным Америкада көшеде қайыр сұраған адамдардың саны көбеюде. Шынында бұл өте ұят жағдай.

Хабар 24 телеарнасы