382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадагаскар жұрты аралдың табиғатын қорғау үшін күзетке шығып жүр

  • 162
  • UPD: 12:15, 20.05.2019

Мадагаскарда тұрғындар елдің ерекше табиғатын қорғауға белсене араласуды қолға алды.

Адамдар аралдың орманы мен жан-жануарын сақтау үшін шағын топтар құрып, оларды күн сайын күзетуге көшкен. Себебі сыбайлас жемқорлықтан талдарды аяусыз отап, аңдарды қыру үдеген. Ал жергілікті тұрғындардың көбінің өмірі экотуризмге тәуелді. Аралды елде өмір сүретін сүтқоректілердің 80 пайызы әлемнің өзге жерінде кездеспейді. Сондықтан шетелдіктерге түрлі туристік саяхаттар ұсынылады. Ал ресми дерекке сүйенсек, Мадагаскарға экотуризмнен жыл сайын 390 миллион доллар кіріс келеді екен.

Жан-Мерлин Лова Нирина, жергілікті тұрғын:

- Жаңбыр көп жаумайтын болды. Тоғандар суалып, жер шөлейттеніп барады. Біз егінімізді әзер суғарамыз. Сондықтан орманды қорғайтын топтардың құрылып жатқанын ести сала, оларға бірден қосылдым. Адамдар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы