380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде ескі көліктер көрмесі өтті

  • 115
  • UPD: 11:56, 20.05.2019
Берлинде ескі көліктер көрмесі өтті

Берлиннің орталық көшесі екі күнге ескі көліктер музейіне айналды.

Жаңа шығарылған темір тұлпарлардан гөрі көне көліктердің ерекше көз тартатыны анық. Мұнда шағын неміс машиналарынан бастап америкалық кадиллактар мен итальяндық жарысқа қатысатын болидтерді көруге болады. Жалпы саны 2 жуық олдтаймер модельдері ұсынылды. Олар Германияға Еуропаның түкпір-түкпірінен әкелінді. Көне көліктер көрмесі Берлинде осымен 7-рет өткізілді. 

Филипп Кан, көлік коллекционері:

- Осы фестивальға жылда келемін. Адамдар мына көліктің ерекшеліктері қандай деп жиі сұрақ қойып жатады. Мен бүге-шүгесіне дейін жауап беруден шаршамаймын. Менің темір тұлпарыма биыл 75 жыл болды. Ол әлі күнге жарамды. Онымен бүкіл Франция, Швеция және Швецйцарияны тізгіндеп  өттім. 

Инго Тройенфельд, көлік коллекционері:

- Менің көлігім 1931 жылы шығарылған. Сирек кездесетін модельдердің бірі. 10 жылдан бері тізгіндеп жүрмін. Мен үшін өте құнды. Жүрегіме ыстық. Ешқашан сатпас едім. Сағатына 105 шақырымға дейін жылдамдықты арттыра алады.

Хабар 24 телеарнасы