378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияға соңғы тәуліктерде 950-ден астам адам қайтып оралды

  • 171
  • UPD: 12:05, 20.05.2019
Сирияға соңғы тәуліктерде 950-ден астам адам қайтып оралды

Сирияға соңғы бірнеше күнде 950-ден астам босқын қайта оралды.

Олардың көбі Ливан және Иорданиямен арадағы шекара бекеттері арқылы өткен. Отанына оралып жатқан азаматтардың арасында әйелдер мен балалар көп. Ал билік қазір елде соғыстан тас-талқаны шыққан инфрақұрылымды қалпына келтіруге және тұрғындарға қажетті басты нысандарды салуға күш салып жатыр. Елді-мекендерді миналардан тазалау жұмысы жүргізілуде. Айта кетейік, Сирияда соғыс 2011-ші жылдан бері жалғасып келеді. 2017 жылы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» жеңіліс тапқаны жарияланды. Қазір елдің кей аймақтарында қалған содырларға қарсы операция жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы