384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады

  • 98
  • UPD: 13:54, 20.05.2019
Қытайда кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады © THEBELAAZ

20 мамырда, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданға кіретін Байсэ қалалық округында кафе ғимаратының шатыры келушілердің үстіне құлады.

Бұл туралы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Құтқарушылар үйінділер астынан 85 адамды алып шықты. Зардап шеккендердің екеуі ауруханада қайтыс болды.

Тағы бір адамның жағдайы тым ауыр халде жатыр, жеті адам ауыр жарақат алған. Жеңіл жарақат алған 62 адам дәрігерлердің бақылауында.

Кафе ғимараттың үшінші қабатында орналасқан. Құтқарушылар үйінділерді әлі де тазалап жатыр. Онда қанша адам болғаны белгісіз. Ғимараттың шатыры неліктен опырылғаны да белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы