389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әйелдер жасанды түсікке қарсы заңға байланысты ереуілге шықты

  • 288
  • UPD: 14:04, 20.05.2019
АҚШ-та әйелдер жасанды түсікке қарсы заңға байланысты ереуілге шықты

АҚШ-тың Алабама штатында әйелдер қауымы ереуілге шықты. Олар жүктілік кезінде баланы алдыруға тыйым салатын заңға қарсы.

Ақ Үй басшысы  Дональд Трамп бұл заңға қатысты өз ұстанымын білдірді. «Әр баланың өмір сүруге құқысы бар» дейді ол. Айта кетейік, өткен аптада Алабама штатының мэрі түсік тастауға тыйым салатын заң жобасына қол қойған. Аталған заң бойынша ана өміріне қауіп төнген жағдайда ғана баланы алдыртуға рұқсат берілген. Бұл ретте әйелдер қауымының пікірі қАққа бөлінді. Бірі «әр баланың өз несібесі бар» деп заңды қолдаса енді бірі «баланы дүниеге әкелу-әкелмеу әр әйелдің жеке мәселесі» дегенді алға тартады. Мамандар да жаңа заңға қарсылығын білдірді. Олар «заңсыз түсік тастату көрсеткіші артса ана мен бала өлімінің дерегі жиілейді» дейді.

Хабар 24 телеарнасы