Бейжіңде қатты желден ғимараттың қабырғасы құлап, бірнеше адам үйінді астында қалып қойды.
Қытайда дауылды желден 4 адам мерт болды. Бұл туралы елдің орталық телеарнасы хабарлады.
8 балды дауылды желден ғимарат қабырғасының сыртқы бөлігі құлап, 3 адам үйінді астында қалды. Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшіншісі ауруханада көз жұмды.
Сондай-ақ қатты желден көшедегі ағаш құлап, тамақ тасушының үстіне түсті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бейжің әуежайында 50-ден астам рейс кейінге қалдырылып, қауіп-қатердің «сары» деңгейі жарияланды. Сондай-ақ желіде дауылды жел соғып тұрған кездегі ұшақтың қону сәті пайда болды.
Check out this hard-blowing gale that struck Beijing on Sunday, which has led to the cancellation of over 30 flights and diversion of more than 50 flights. pic.twitter.com/SYMF3vhKUb
— People's Daily, China (@PDChina) 20 мая 2019 г.