384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ең ауқымды сайлау аяқталды

  • 382
Үндістанда ең ауқымды сайлау аяқталды unian.net

Үндістанда экзит-пол нәтижесі бойынша елдің қазіргі премьер-министрі Нарендра Модидің «Бхаратия джаната» партиясы ең көп дауыс жинаған.

Болжам бойынша, Модидің партиясы 545 орыннан тұратын парламентте 300-ге жуық орынды иеленеді деген үміт бар. Дауыс санау мамырдың 23-і аяқталады. Сол күні сайлаудың алғашқы ресми нәтижелері де жарияланатын болады. Айта кетейік, елдегі парламенттік сайлауға 900 миллионнан астам адам қатысты. Сәуірдің 11-інде басталған сайлау 7 кезең бойынша өтіп, 6 аптаға созылды. Халық парламенттің 545 депутатын таңдады. Басты тартыс қазіргі Премьер-министр Нарендра Модидің «Бхаратия джаната» партиясы мен оппозициялық «Үнді Ұлттық конгрессі» арасында өрбіді.

Хабар 24 телеарнасы