389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әскери теңіз күштерінің оқу-жаттығуын өткізді

  • 275
АҚШ әскери теңіз күштерінің оқу-жаттығуын өткізді

АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің Араб теңізінде арнайы оқу-жаттығуы өтті.

Шараға «Авраам Линкольн» авиатасымалдағышы мен десант-шабуылдау кемесі жұмылдырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаттығу барысында сайдың тасындай іріктелген әскери теңіз күшінің жасақтары қаруланған лаңкестерге тойтарыс беру үшін арнайы маневрлар жасады. Сонымен қатар қатысушылар Иран тарапынан төнген қауіп-қатерге қарсы түрлі тактикалар мен тәсілдерді дамытып, терроризмге қарсы тұру жағынан машықтанды. Айта кетейік, АҚШ-тың Иран тарапына жасаған экономикалық қысымы салдарынан қазір Тегеран мен Вашингтонның қарым-қатынасы ушығып барады.

Хабар 24 телеарнасы