378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадуро кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді ұсынды

  • 202
Мадуро кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді ұсынды

Венесуэла президенті Николас Мадуро кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетерлігі, елдің заң шығарушы органында оппозицияның үлесі басым. Соңғы рет сайлау төрт жыл бұрын ұйымдастырылған еді. Енді Мадуро халықтық ассамблеяға сайлауды 2020 жылдың соңына белгілеуді ұсынып отыр. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың қаңтар айында оппозиция басшысы Хуан Гуайдо өзін елдің уақытша президенті ретінде жариялады. Оған Мадуро режиміне қарсы АҚШ жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Билігінің тізгінін ұстаған Мадуроны кетіру жолында, Құрама Штаттар санкцияларды күшейткен.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

– Оппозицияға айтарым, сайлауға түсу арқылы мәселенің басын ашып алуға болады. Сайлау өткіземіз. Осылайша, соңғы бес жылда өзін мойындата алмаған Парламентті заң негізінде қайта қызмет атқаруын қадағалайтын боламыз. Сөйтіп халық кімге дауыс беріп, кімді қолдайтынын анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы