384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ер адам Эйфель мұнарасының ұшар басынан секірмек болды

  • 534
  • UPD: 14:02, 21.05.2019
Ер адам Эйфель мұнарасының ұшар басынан секірмек болды BFM

Париж құтқарушылары Эйфель мұнарасындағы адамдарды сыртқа шығарып, мұнара орналасқан көшелерді жауып тастады.

Бұған белгісіз ер азаматтың темір монументке өрмелеп шығуы түрткі болған.  Мәлім болғандай, ол мұнара ішіне көппен бірге кірген. Екінші қабатқа шыққаннан кейін темір құрылымның бойымен өрмелей бастады. Бірнеше сағаттан кейін ол құтқарушылардың жәрдемдесуіне рұқсатын беріп, ақыры оны жерге түсірді. Алайда ер азаматтың Эйфель мұнарасына не себепті шығып кеткені әзірге белгісіз.

ен оған жақындап, бұл ойынан қайтуға көндірмек болады. Оны көндіру бірнеше сағатқа созылған. Тек қараңғы түскен соң ғана өз райынан қайтқан адам полицейлерге берілді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Эйфель мұнарасына жыл сайын 7 миллионнан астам турист келіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы