380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ «Хуавейге» уақытша лицензия берді

  • 182
  • UPD: 17:41, 21.05.2019

Алдағы үш айда Құрама Штаттардағы қызметін жандандыру үшін АҚШ билігі Huawei корпорациясына уақытша лицензия берді.

Бұған қатысты қытайлық компания жетекшісі ресми мәлімдеме жасап үлгірді. Оның айтуынша, аталған лицензияның Huawei үшін айтарлықтай маңызы жоқ. Себебі компания шектеулерге қатысты қиындықтарды оңай еңсере алады.

Еске салсақ, таяуда АҚШ-тың Google корпорациясы Huawei компаниясымен жұмысын тоқтатынын жариялаған. Бұған Қытай компаниясының қара тізімге енуі себеп.

Хабар 24 телеарнасы