382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit жасамаған Британия енді еуросайлауға қатысуға мәжбүр

  • 106
  • UPD: 21:48, 21.05.2019

Жаңа Еуроодақ. Әлем елдерінің сарапшылары алдағы еуропалық парламент сайлауына осындай баға беріп отыр.

Олардың айтуынша, дауыс беру қорытындысы Еуропа елдерінің саясаты мен заңдарын түбегейлі өзгеруі мүмкін. Жалпы биылғы Еуропарламент сайлауына Одаққа мүше 28 ел қатысады. 512 миллион еуропалық тұрғынның құқығын қорғауға 751 депутат таңдап алынады. Сарапшылар бұрын-соңды мұндай сайлау алды науқанының болмағандығын айтады. Қазір Еуропа елдерінде жаппай ереуіл мен наразылық шаралары өтіп жатыр.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Бауырлас елдермен жақсы қарым-қатнаста болу - біздің ортақ құндылықтарымыз. Бұл орайда әрине ортақ Еуропа құру маңызды. Патриотизм мен Еуроодақ - егіз ұғым. Ал ұлтшылдық дегеніміз еуропалық жобаға қарама-қайшы көзқарас. Сол себепті алдағы сайлауда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанымыз жөн.

Атап өткендей, Еуропада жаппай ереуілдер өтіп жатыр. Бірі Кәрі құрлық елдерінің ортақ ұйымға бірігуін қолдайтын митингтер. Екіншісі Еуроодақтың заңдарына қарсы наразылық акциялары. Германияда еуроскептиктерге қарсы ереуіл өтті. Одаққа бірігуді қалағандар Румыния, Польша, Варшавада бас көтерді. Ал, Франция Президенті Эммануэль Макрон бір ұйымға бірігіп қана қоймай АҚШ, Қытай, Ресейге қарсы өз конвенциямызды құрайық дегенді айтады.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

- Бұл Еуропарлменттік сайлаудың 1979 жылдан бергі ең маңыздысы дер едім. Қазір Еуропа елдері Қытай, АҚШ, Ресей араласа алмайтындай ортақ алаң құруы тиіс. Одан бқлек ортақ конвенциямыз болу керек. Барлық Еуропа тұрғындарын ортақ ұйымға бірігуге шақырамын.

Бұл орайда Еуроодақтың саясатына қарсы тұрып, оны түбегейлі өзгерткісі келетіндер де тысқары қалмады. Италияның Милан қаласында да бас көтергендер бар. Вице-премьер Маттео Сальвини Еуропалық Одақтың саясатына мүлдем көңілі толмайтынын жеткізді.

Маттео Сальвини, Италия вице-премьері:

- Менің ойымша еуроскептик деп Еуропаны басқарып отырғандарды айтуға болады. Еуропаға қарсы деп, социалистер мен ұлттық партияны айтар едім. Еуропаның жауы ол Еуроодақтың басында тұрғандар. Ал шынымен кәрі құрлықты құтқарғысы келетіндерді еуроскептиктер деп жала жабуда. Ортақ саясат қате. Мұны өзгертетін уақыт келді.

Осылайша сайлау алдында ЕуроОдақтың абыройы сынға түсті. Енді дауыс беру қорытындысы бойынша Одаққа жаңа басшылар тағайындалады. Жан-Клод Юнкер, Дональд Туск, Федерика Могерини Еуропалық Одақтағы қызметтерін аяқтайды. Еурокомиссия төрағасы лауазымына парламенттік сайлауға түсіп жатқан партиялардан алты үміткер бақ сынасады. Алдын-ала жүргізілген сауалнама бойынша Ангела Меркель қолдап отырған 46 жастағы Манфред Вебер көш бастауы мүмкін.

Манфред Вебер, Еуропа ұлттық партиясынан үміткер:

- Германия менің елім, Еуропа менің болашағым. Ұлтшылдарға бұл түсінікті бұзуға жол бермеймін. Барлық еуропалықтармен бірігіп, мықты ортақ ұйым құрамыз деп ойлаймын.

Парламенттік сайлау, жаңа басшы тағайындау мәселелері Еуропа елдерін осылайша тығырыққа тіреді. Себебі бірі Ортақ Ұйымның, заңның, ереженің болғанын қолдаса, екінші тарап Еуропалық Одақ болсын, тек әр ел дербес заң қабылдасын дегенді алға тартады. Ондағы дау тудырған басты мәселе көші-қон саясаты.

Хабар 24 телеарнасы