378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезиядағы президенттік сайлаудың жеңімпазы анықталды

  • 182
  • UPD: 23:59, 21.05.2019
Индонезиядағы президенттік сайлаудың жеңімпазы анықталды

Индонезиядағы Президенттік сайлауда билік басындағы Джоко Видодо жеңіске жетті.

Ол сайлаушылардың 55,5 процент даусымен көш бастаған. Оның қарсыласы Прабово Субианто 44,5 процент дауысқа ие болды. Сондай-ақ сайлау қорытындысы бойынша Индонезияның вице-президенті лауазымына Мааруф Амин тағайындалатын болады. Айта кетейік, 21 сәуір күні Индонезияда жалпыхалықтық сайлау өтті. Сол күні президенттік сайлаумен қатар вице-президенттік, ұлттық парламент және жергілікті басқару кеңестеріне сайлау ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы