Италиядағы Alitalia әуе компаниясының кәсіподағы наразылық акциясын ұйымдастырды.
Салдарынан 300-ге жуық ішкі және халықаралық рейс кейінге шегерілді. Ереуілге шыққан қызметкерлер еңбек жағдайының жақсаруын талап етті. Наразылар қаржы қыспағында қалған компанияның бұлыңғыр болашағына да алаңдаушылық білдіріп, осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге жаңа келісімшарт жасауды талап етті.