380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада мигранттарды қолдау орталықтары ашылады

  • 155
  • UPD: 09:42, 22.05.2019
Мексикада мигранттарды қолдау орталықтары ашылады

Оңтүстік Америка мигранттарын қолдау мақсатында Мексикада қосымша үш орталық ашылады.

Аталған жоспарды жыл аяғына дейін іске асыру көзделіп отыр. Жалпы, Мексика келімсектердің саны соңғы бірнеше айда күрт артқан. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана 18 365 адам ресми түрде мигрант мәртебесін сұрады. Бұдан бөлек, мыңдаған адам шекараның арғы бетіндегі Құрама Штаттарға кеткісі келеді. Олардың дені Гондурас, Сальвадор мен Венесуэладан ағылып келген келімсектер. Сондықтан Мексика үкіметі БҰҰ-дан қол ұшын созуды сұраған.

Андрэс Рамирез, мигранттарды қолдау бойынша комиссияның үйлестірушісі:

- Мигрант мәртебесін сұраған адамдарға көмектесу – біздің міндетіміз. Алайда ол үшін жеткілікті қаражат пен адам күші қажет. Бір сөзбен айтқанда, бізге тиісті қолдау көрсетілмесе, Мексиканың ұлттық даму жоспарын мынадай жағдайда іске асыру қиындайды.

Хабар 24 телеарнасы