380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда азаматтық соғыстың өршу қаупі туындады

  • 135
  • UPD: 09:44, 22.05.2019
Ливияда азаматтық соғыстың өршу қаупі туындады

Соғыс ұшқыны тұтанса, елдегі алауыздықты жою мүлде қиындай түседі.

БҰҰ бас хатшысының Ливиядағы арнайы өкілі Ғасан Саламе бұған жол бермеуге шақырды. Оның пікірінше, Ливияның өз ішіндегі қарсы тараптарға сырттан  қару-жарақ жеткізіліп, жағдайды ушықтыра түсуде. Сондықтан халықты бір тудың астына біріктіру мүмкін болмай тұр. Триполи маңындағы әскери қақтығыстардың тоқтайтын түрі жоқ. Қаланы содырлардан азат ету операциясы екінші айға жалғасып келеді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, қақтығыстарда 510 бейбіт тұрғын опат болды. 75 мыңы үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы