Үндістанның Аруначал-Прадеш штатында қаруланған топтың шабуылынан 11 адам көз жұмды.
Қаза тапқандардың ішінде жергілікті парламенттің депутаты бар. Марқұм Ассам штатынан келе жатқанда лаңкестердің шабуылына тап болған. Атыс-шабыстан тағы екі адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті. Тәртіп сақшыларының болжауынша, лаңкестік оқиғаға аймақтағы атышулы террорлық ұйымның қатысы бар болуы мүмкін. Алайда ешкім шабуылды өз мойнына алған жоқ.