380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия тұрғындары әділет министріне қарсы шеруге шықты

  • 148
  • UPD: 13:25, 22.05.2019
Чехия тұрғындары әділет министріне қарсы шеруге шықты

Прагада ондаған мың Чехия тұрғыны наразылық шеруін ұйымдастырды.

Әділет министрінің жұмысына көңілі толмаған халық министрді қызметін босатуды талап етуде. Олар жаңадан тағайындалған әділет министрі заң жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді деген пікірде. Оған Чехияның премьер-министрі Андрей Бабишке қатысты жанжал себеп. Нақтырақ айтқанда, Бабиштің Еуропалық одақтан бөлінген қаражатты жымқырғаны жайлы ақпар тарап Чехия прокуратурасы істің ақ-қарасын анықтауға кіріскен. Бабиш өз кезегінде тағылған айыпты мойындар емес. Халық болса премьер-министр бұл істен оңайлықпен құтылып кетеді деп күдіктеніп отыр.  

Хабар 24 телеарнасы