383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда сайлау қорытындысына қарсы ереуіл кезінде 6 адам қаза тапты

  • 156
Индонезияда сайлау қорытындысына қарсы ереуіл кезінде 6 адам қаза тапты

Индонезияда өткен президенттік сайлаудан кейін оппозициялық кандидатты қолдаушылар полициямен тағы қақтығысқа түсті.

6 адам қаза тапты. Жүздеген шеруші Джакартаның батыс бөлігіндегі жол мен көпірді жауып, тәртіп сақшылары күш қолданды. Наразылық акциясы өтіп жатқан ауданға әскери техника шоғырландыра бастаған. Еске сала кетейік, Индонезия астанасында наразылық акциясы кеше елде президенттік сайлаудың қорытындысы жарияланған соң басталды. Сайлау комиссиясы додада қазіргі президент Джко Видодо 55,5 пайыз, ал оның қарсыласы генерал Равобо Субианто 44,5 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеді. Алайда оппозиция сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, 2 мыңға жуық адам көшеге шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы