378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшалық тұрғын алты бірдей нәрестені дүниеге әкелді

  • 195
  • UPD: 16:39, 22.05.2019
Польшалық тұрғын алты бірдей нәрестені дүниеге әкелді

29 жастағы Польша тұрғыны дүниеге 6 бірдей нәресте әкелді.

Бұл – Польшада бұрын-соңды болмаған жағдай. Сәбилердің төртеуі қыз, екеуі ұл. Ең кішкентай шақалақтың салмағы нәбәрі 890 грамм болса, ең ірісінің салмағы 1 келі 300 грамм болды. Әуелде дәрігерлер бес баланы босандыруға дайындалған. Күрделі отаға 40 маман жұмылдырылған. Қазір алты бөбек те мамандардың жіті бақылауында. Аналарының да жағдайы жақсы. Алты бірдей перзент сүйген ата-ананы Польша Президенті Анджей Дуданың өзі құттықтады. Жалпы алты баланы дүниеге әкелу – 5 миллиард жағдайда бір рет кездесетін өте сирек құбылыс.

Рышард Латербах, Краков университеті клиникасының неонатология бөлімінің меңгерушісі:

– Бір мезетте туғандарына қарамастан, алтауының жағдайы көңіл көншітерліктей. Алайда, шала туылғандықтан, жүйке және тыныс алу жүйелерінде аздаған ақау байқалады. Олар дүниеге 11 апта ерте келді. Десек те, бір құрсақта алты бірдей баланың дамып, жетілуі оңай шаруа емес.

Хабар 24 телеарнасы