384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ресейліктер мінген туристік автобус апатқа ұшырады

  • 444
  • UPD: 17:08, 22.05.2019
Италияда ресейліктер мінген туристік автобус апатқа ұшырады

Италияның Сиена провинциясында автобус аударылды.

Көлікте саяхаттап барған ресейлік азаматтар болған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, RT хабарлайды.

Италиядағы Ресей елшілігінде автобустың ішінде 60 адам болған. Болжам бойынша олар Ресей азаматтары.

«Елшілікке Италияның Азаматтарды қорғау департаментінен болжам бойынша бортында Ресей азаматтары мінген туристік автобустың аударылғаны туралы ақпарат келіп түсті», делінген хабарламада.

Ресейлік дипломаттар жол-көлік оқиғасы кезінде 1 адам қаза тауып, 10 адамның зардап шеккені туралы атап өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы