378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хуавей» өзінің операциялық жүйесін ойлап тапты

  • 368
  • UPD: 08:35, 23.05.2019

Осы жылдың күз мезгілінде Huawei компаниясы өзінің жеке операциялық жүйесін шығарады.

Бұл туралы қытайлық компанияның атқарушы директоры Юй Чэндун мәлімдеді. Ол арқылы компания смартфон, компьютер, планшет, теледидар, автокөлік сынды тауарларын бір жүйеге біріктіре алады. Және де өзге шетелдік операциялық жүйелерге тәуелсіз болады. Мұндай қадам АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың ушыққан шағында жасалып отыр. 17 мамыр күні АҚШ сауда министрлігі «Хуавей» компаниясын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін қара тізімге енгізген еді. Екі күннен соң Гугл қытайлық компаниямен серіктестігін тоқтататындығын мәлімдеді. Яғни Андроид жаңартулары мен Гугл бағдарламалары Хуавей қолданушылары үшін қолжетімсіз болып қалды.

Хабар 24 телеарнасы