383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандағы Қазақстан азаматтарының президенттік сайлауға қатысуына жағдай жасалады

  • 160
  • UPD: 10:17, 23.05.2019

Әзербайжандағы Қазақстан азаматтарының президенттік сайлауға қатысуына барлық жағдай жасалады.

Бұл туралы осы елдегі Қазақстан елшісі Бейбіт Исабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Бакудегі елшілік ғимаратында нөмір 262-ші сайлау участкесі жұмыс істейді. Дауыс беру таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жүреді. Ал сайлауды 1 мыңнан астам халықаралық бақылаушы қадағлайды. Қазірдің өзінде 125 бақылаушы мен 50-ден астам БАҚ өкілдері тіркелген. 

Бейбіт Исабаев, Әзербайжандағы Қазақстан Елшісі:

- Әзербайжан өкілдері сайлауға бақылаушы ретінде шақырылды. Олар өз елінің Орталық сайлау комиссиясы мен Милли Меджлис өкілдері және халықаралық ұйымдардың бақылаушылары ретінде қатысатын болады. Әзербайжан делегациясының құрамында 40-тан астам бақылаушы бар.

Хабар 24 телеарнасы