383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика АҚШ-қа мигранттар легін қысқартпақ

  • 67
  • UPD: 13:34, 23.05.2019
Мексика АҚШ-қа мигранттар легін қысқартпақ

Мексика шекаралас АҚШ-қа ағылған мигранттар легін қысқартуды көздеп отыр.

Келімсектердің кесірі ел экономикасына тиіп, аймақта кедейлік жайлаған. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мексика үкімет ең алдымен осы мигранттандың мәселесін шешуге бел буып отыр. 2020 жылға арналған жобаны іске асыру үшін жылына 10 триллион АҚШ доллар инвестиция құю қажет. Бұл ретте Мексика билігі АҚШ та өз үлесін қосуы тиіс деп біледі. Егер қажет қаржы табылмаса шекарадағы мигранттар саны еселене береді. Ақ Үй басшысы Дональд Трамптың Мексикамен шекарада қорған тұрғызу жоспарына қарамастан,Гватемала, Гондурас пен Сальвадор елдерінен мыңдаған адам Америкаға беттеді.

Максимилиано Рейез, Мексиканың сыртқы істер министрінің орынбасары:

- АҚШ Мексикамен шекараға қорған тұрғызуға арналған бюджетін ұлғайтты. Соған қарамастан, мигранттар легі тоқтар емес. Тіпті 100 процентке артқанын көріп отырмыз. Оңтүстік Америка мигранттары ғана емес, әлемнің бас елдерінен келгісі келетіндер саны күрт өскен. Осыған байланысты, мәселені шешудің өзге жолдарын қарастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы