383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың орталық штаттарында алапат құйын соқты

  • 144
АҚШ-тың орталық штаттарында алапат құйын соқты

АҚШ-тың Орталық штаттарына алапат құйын соғып, 3 адам қаза тапты.

Дүлей желден ең көп зардап шеккен Миссури аймағы. Ұйытқыған дауылдан штаттың кей ауданында электр жүйесі істен шығып, адамдар жарықсыз қалған. Джефферсон-Сити қаласындағы біраз ғимараттар бүлінген. Ал Оклахома мен Канзас штаттарының кей аудандарында нөсерден кейін су тасқыны қауіпі күшейген. Айта кетейік, жалпы АҚШ-та дүйсенбіден бері 80-ге жуық алапат құйын тіркелді. Өткен күндері Айова мен Оклахомада дауыл мен нөсерден 4 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы