380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ауыл және орман шаруашылығына қауіп күшейді

  • 158
Қытайда ауыл және орман шаруашылығына қауіп күшейді oko-planet.su

Қытайдың солтүстігінде әдеттен тыс аптап ыстық орнады.

Ауа температурасы 40 градусқа жеткен. Алдағы бірнеше күнде Бейжің мен Хэбэй, Шандунь провинциясында дәл осындай ауа райы орнайды деген болжам бар. Салдарынан ауыл және орман шаруашылығына қауіп күшейген. Осыған байланысты ормандарда өрт шықпауы үшін түрлі сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Бірақ мамандар аптап ыстық ұзаққа созылмайтынын айтады. Дүйсенбі күні аталған аудандарда жауын жауады деп күтіліп отыр. Билік тұрғындарды ыстықта көп жүрмеуге шақыруда.

Хабар 24 телеарнасы