389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда түлектер ЖОО-ға жаңа талаппен қабылданады

  • 343
  • UPD: 10:11, 24.05.2019

Әзербайжанда алғаш рет жоғары оқу орындарына шәкірттер жаңа талаппен қабылданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы сынақ саны азайған. Сондай-ақ мектеп бітіргендегі емтихандар нәтижесі болашақ мамандық таңдауына әсер етеді.

Әзербайжан білім беру министрлігі биылғы жылдан бастап мектеп бітірушілердің білімін бағалауда жаңа жүйесін енгізуді жөн көрді. Бұрын түлектер 8 емтихан тапсырса, енді сынақтың саны алтау. Сарапшылар шәкірттер ғана емес, ұстаздардың да ағарту саласына көзқарасын жаңаша қалыптастырған дұрыс дейді. 

Малахат Мюршудлу, білім беру саласының сарапшысы:

– Білім беру саласының қазіргі заңнамасы негізгі талаптарға сай келіп тұр. Онда дамуы тиіс бағыттар белгіленген. Яғни бүгінгі талапқа сай, танымы жетілген, заманауи ұстаздарды дайындау қажет.

Оқушылар енді мектеп бітіргенде үш емтихан, жоғары оқу орнына түсуі үшін де үш пәннен емтихан тапсырады. Бәрінде алған бағалары қосылып, жалпы нәтижесі бойынша болашақ мамандығын таңдайды. Бұрын мектеп бітіргендегі емтихандардың нәтижесі жоғары оқу орының таңдауына еш әсер етпейтін. Мұндай тәсіл алғаш рет жүзеге асады, сол себепті кейбір қиындықтар туындауы мүмкін дейді мамандар. 

Малахат Мюршудлу, білім беру саласының сарапшысы:

– Бұрын тапсырмаларға мектеп оқу бағдарламасында болған сұрақтар енетін. Ал енді оқу процесіндегі жаңашылдыққа сай әзірленді. Иә логикалық сұрақтар қиындық тудырады, бірақ бұл тәсілдеме болашақта мектептерді білім берудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Тағы бір ерекшелігі, бұрынғы жылдары талапкерлер ұсынылған жауаптардың арасынан дұрысын таңдайтын. Енді өздері шешуге тиіс тапсырмалар болады, сондай-ақ эссе жазуы керек. Сарапшылар бұл оқушыларды мұқият дайындалуға ынталандырады деген үмітте, себебі жоғары оқу орнына түсуі мектеп бітіргендегі емтихан нәтижесіне байланысты болады.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы