389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандағы жалпыпарламенттік сайлауда Н.Моди партиясы жеңіске жетті

  • 256
Үндістандағы жалпыпарламенттік сайлауда Н.Моди партиясы жеңіске жетті

Үндістанда өткен жалпыпарламенттік сайлауда премьер-министр Нарендра Моди партиясы жеңді.

«Ұлттық демократиялық одағымен» бірлескен Үндістан халық партиясы Парламенттің төменгі палатасында 300 орынға ие болды. Жалпы палатада 543 депутаттық мандат белгіленген. Осылайша, Моди партиясы басым дауысқа ие болды. Ал оның саяси қарсыласы «Үндістанның ұлттық конгрессі» небәрі 51 орынды місе тұтты. Елдің 29 аймағында ұйымдастырылған сайлау 7 кезеңнен тұрды. Жексенбі күні өткен соңғы кезеңнің қорытындысы кеше шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы