378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никарагуа халқы саяси тұтқындарды босатуды талап етуде

  • 113
Никарагуа халқы саяси тұтқындарды босатуды талап етуде

Никарагуа халқы саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, наразылық шарасын ұйымдастырды.

Атап айтқанда, дүкендер мен мекемелер бір тәулікке жабылды. Осылайша, тұрғындар Президент Даниел Ортеганың үкіметіне қысым көрсетуді көздеді. Апта басында Никарагуа оппозициясы былтыр тұтқындалған азаматтарды босатуды талап етіп, 300 адамның тізімін үкіметке табыстаған болатын. Үкімет оларды маусым айына дейін бостандыққа жіберуге келісті. Естеріңізге салсақ, 2018 жылы никарагуалықтар Ортеганың әлеуметтік жәрдемақыны қысқарту шешіміне қарсы шыққан. Саяси сипатқа ие болған ереуілде 324 адам қаза болды. 60 мыңы саяси қудағалауға ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы