384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия үкіметі жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге кетуге шақырды

  • 363
Сирия үкіметі жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге кетуге шақырды

Сирия әскері Идлиб аймағын содырлардан азат ету операциясын бастайды.

Осыған байланысты үкімет жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге кетуге шақырды. Әскерилер тікұшақтардың көмегімен әуеден арнайы хабарландыру парақтарын тастап, тезірек үйден кетуді сұрап жатыр. Айта кетерлігі, бұған дейін Хайят Тахрир әш-Шам лаңкестік ұйымының содырлары Сирия әскеріне қарсы шыққан. Идлибтің оңтүстік-шығысындағы үкіметтік әскердің шебіне шабуыл үдей түскендіктен, әскер де қарсы амал қолдануды шешті. Осылайша, Дамаск құзырындағы әскер содырлардың үш шабуылын қайтарды.

Хабар 24 телеарнасы