Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй маусымның 7-күні консерваторлар партиясынан кететінін жариялады.
Бұл туралы ол Даунинг-стриттегі журналистерге берген сұхбатында мәлім етті. Енді көп ұзамай партияның жаңа басшысы сайланбақ. Ал, консерваторлардың көшбасшысы белгілі болғаннан кейін Терезе Мэй премьер-министр қызметінен де кетпек ниетте.
Тереза Мэй, Ұлыбритания Премьер-министрі:
- Бүгін мен маусымның 7-сі күні Консерваторлар партиясының көшбасшысы қызметі ретінде отставкаға кететінімді жариялаймын. Жаңа басшы тағайындалмайынша премьер-министрдің қызметін атқаратын боламын. Брекситті жүзеге асыра алмағаныма өкінемін. Менің ісімді жалғастыратын адам референдум қорытындысына құрметпен қарайды деп үміттенемін. Еліме адал қызмет ете алғаныма өте қуаныштымын.