389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Сенаты табиғи апат салдарымен күреске қаржыны көбейтті

  • 277
  • UPD: 22:28, 24.05.2019
АҚШ Сенаты табиғи апат салдарымен күреске қаржыны көбейтті

Мексикамен шекарада қорған тұрғызуға ақша бөлгенше, табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсеткен артық. 

АҚШ Сенаты апат салдарымен күресуге 19 миллиард доллар бөлу туралы құжатты мақұлдады. Ал Президент Дональд Трамптың қорған тұрғызу жайлы ойын іске асыруға қосымша қаржы қарастырылмаған. Америка Сенатында республикалық партия депутаттарының саны басым. Сондықтан Трамп бұл заң жобасына қолдау көрсетуі тиіс. Бюджет жобасы соңғы екі жылда табиғи апаттардан зардап шеккендердің шығынын есептеу негізінде жасалған. Әсіресе шаруаларға келтірілген залал орасан. Сосын инфрақұрылымды қалыпқа келтіруге қомақты қаражат қажет.

Хабар 24 телеарнасы