382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда көп қабатты ғимараттағы өрттен 18 бала қаза тапты

  • 164
  • UPD: 22:40, 24.05.2019
Үндістанда көп қабатты ғимараттағы өрттен 18 бала қаза тапты

Жалпы өрттен 20 адам қаза тапқан. Ал оның 18-і бала болып шықты.

Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында төрт қабатты коммерциялық ғимарат өртенді.

Өрт салдарынан 18 бала мерт болды, сондай-ақ бірнеше адам жарақат алған. 

Оқиға барысында түтін мен жалыннан қашқан бірнеше оқушы ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. Олардың басым бөлігі ауруханаға түсті.

Үндістан премьер-министрі Наредра Моди өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.

Хабар 24 телеарнасы