389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 3 адам көз жұмды

  • 211
  • UPD: 07:45, 25.05.2019
Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 3 адам көз жұмды

Ауғанстан астанасы Кабулдағы мешіттердің біріндегі лаңкестік әрекеттен 3 адам қаза тапты.

Мерт болғандардың арасында елдің танымал діни қызметкері бар. Жарылыстан тағы 20-дан астам тұрғын жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылғыш зат жұма намазы кезінде іске қосылған. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы