389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияның одақтан шығу күні өзгермейді

  • 210
  • UPD: 07:45, 25.05.2019
Ұлыбританияның одақтан шығу күні өзгермейді

Тереза Мэйдің отставкаға кетуі жайындағы шешімінен кейін де Еуроодақ елдері брекситке қатысты көзқарасын өзгерткен жоқ.

Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Мина Андреева Брюссельде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Айтуынша, Ұлыбританияның ұйымнан шығу күні жоспарланған мерзімде қалады. Естеріңізге салайық, Еуроодақ өткен айдың бас кезінде Ұлыбританияның ұйымнан шығу мерзімін қазанның 31-іне шегерген. Себебі британ парламенті үкіметтің брексит туралы келісімін 3 рет талқылап, қабылдамай тастаған болатын. Тереза Мэй болса маусымның 7-сі күні қызметінен кетпек. Алайда консерваторлар партиясының жаңа көшбасшысы сайланбайынша, Мэй премьер-министрдің қызметін атқаратын болады.

Мина Андреева, Еурокомиссия өкілі:

- Ұлыбританияның одақтан шығу күні өзгермейді. Біріккен Корольдіктің жаңа премьер-министрімен жұмыс істеуге әзірміз. Еурокомиссия президенті Жан Клод Юнкерге Тереза Мэймен бірлесе жұмыс істеген ұнайтын. Юнкер Британияның жаңа басшысымен де іскерлік  қарым-қатынас орнатады деген сенімде.

Хабар 24 телеарнасы