378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та зымыран тасығыштың алғашқы серіктері ұшырылды

  • 171
  • UPD: 07:46, 25.05.2019
АҚШ-та зымыран тасығыштың алғашқы серіктері ұшырылды

АҚШ-та SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы ғарышқа алғашқы серіктерін ұшырды.

Мамандардың болжауынша, болашақта олар арқылы жер бетіндегі кез келген тұрғын ғаламтормен байланыса алу мүмкіндігіне ие болады. Компания басшысының айтуынша, ол үшін жер шарын қажетті сигналдармен қамтамасыз ету үшін ғарышқа 12 мың аппарат ұшырылуы керек. Алайда сынақ ретінде алдымен 60 серік ғана жіберілді.

Айта кетейік, зымыран тасығыш серіктерінің ұшырылуы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рет кейінге шегерілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы