384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде дүниежүзілік тасбақа күні өтті

  • 108
  • UPD: 09:59, 25.05.2019
Перуде дүниежүзілік тасбақа күні өтті

Лимадаға зообақ дүниежүзілік тасбақа күнін атап өтті.

Зообақ күтушілері жорғалаушыларға шөп орнына гүл беріп тамақтандырды. Сондай-ақ келушілерге тасбақаның әрбір түрі жайлы мағлұмат берді. Лимадағы зообақта тасбақаның 40-тан астам түрі бар. Мұндағы жорғалаушының кейбірін бұрын үй жануары ретінде ұстаған. Алайда кейін иелері оларды далаға тастап кеткен. Дүниежүзілік тасбақалар күнінің мақсаты – жан-жануарларды қорғауға ден қою, оның ішінде жойылуға жақын тасбақалар түрін ерекше қорғауға алу. 

Хабар 24 телеарнасы