389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франциядағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікті іздестірілуде

  • 333
  • UPD: 11:02, 25.05.2019
Франциядағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікті іздестірілуде Комсомольская правда

Францияның Лион қаласында теракт болып, 13 адам жарақат алды.

Жапа шеккендердің арасында 8 жасар қыз бар. Лаңкестік шаһардың Виктор Гюго көшесіндегі наубайханаға жақын жерде болды. Сөмкеге салып тастап кеткен бомба жарылды. Лаңкес көшедегі сыртқы бейнекамераның біріне түсіп қалған. Ол бомбаны велосипедпен келіп қойып кеткен. Бірақ бейнежазба анық емес. Қазір шаһарда операция жүріп, күдікті іздестіріліп жатыр. Полиция оның жасы 30-дар шамасында екенін мәлімдеді. Жақын маңдағы метро станциялары уақытша жабылған.

Хабар 24 телеарнасы