389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ БАҚ рөлін нығайтпақ ниетте

  • 401
  • UPD: 15:16, 25.05.2019

Бірыңғай медиялық кеңістік – ортақ қызығушылық.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайтпақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Оның осы ұйым кеңістігіндегі басты мақсаты жайлы Бішкекте өткен екінші медиафорумда кеңінен талқыланды.

Қырғызстанда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің медиафорумына мемлекеттік орган басшылары, ШЫҰ хатшылығының өкілдері, БАҚ пен бақылаушы елдер және диалог жөніндегі әріптестердің медиа-сарапшылары қатысты.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті:

- Сіздерге белгілі, ШЫҰ-ның басты міндеттерінің бірі елдер мен ұлттар арасындағы сенім мен өзара құрмет атмосферасын жасау болып табылады. Оған жету үшін БАҚ-тың атқаратын рөлі өте маңызды. Атап айтқанда, ашық диалог құрып, өзара қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары ұйымға қатысушы елдерді ресми хроника ғана емес, ұйымға мүше елдердің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі қызықтырады. Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру үшін БАҚ тілшілеріне мүмкіндік те артуда.

Темиров Айбек, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басқарма басшысының міндетін атқарушы:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екінші форумы өтті. 2018 жылы басталған форум биыл осы қызғыз елінде ұйымдастырылып отыр. Бұл форумды ақпарат саласында өткізуді министрлік қолдайды. Өйткені ол 3 млрд-тан астам халықты жинаған ұйым. Алдағы уақытта министрлік тарапынан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының үкімет басшылары арасындағы ортақ келісімнің қол қою мәселесі пысықталуда. Алдағы уақытта мүше мемлекеттер арасында бірлескен конференциялар, біліктілікті арттыру мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр. 

Ашық диалог, өзекті мәселелерді талқылау және оның шешімін қабылдау үшін пікірталас өткізу жұмыстары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бірыңғай медиалық кеңістігін құру үшін қажет. Ал осы міндетті жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі айтарлықтай.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы