389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Таяу Шығысқа тағы 1,5 мың сарбазын аттандырады

  • 302
  • UPD: 13:43, 25.05.2019
АҚШ Таяу Шығысқа тағы 1,5 мың сарбазын аттандырады

Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.

Шара аймақтағы америкалық әскерді күшейтіп, қарулы қақтығыстың орын алуына жол бермеу үшін қолға алынған. Себебі, Ираннан төнген қауіп күшейген. Пентагон әзірге қосымша күш қай елде орналастырылатынын айтпай отыр. Бірақ Таяу Шығыста АҚШ-тың ондаған мың жауынгері бары белгілі. Ал өткен аптада Вашингтон Парсы шығанағына «Авраам Линкольн» ұшақ тасығыш кемесі мен В-52 бомбалаушы ұшағы аттандырылды.

Еске сала кетейік, соңғы айда АҚШ пен Иран арасындағы қатынас шиеленісіп кетті. Оған АҚШ-тың өзге елдердің Иран мұнайын импорттауына толық шектеу енгізіп, Тегеранның 2015 жылғы келісімнің кей баптарын орындаудан бас тартуы себеп болды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Менің ойымша, Таяу Шығыста жағдай түзеледі. Бұл аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіріп келген Иран қазір өзгере бастады. Олар бізбен соғысады деп ойламаймын. Бізді тараптан ядролық қаруды қолдануға жол берілмейді. Обама басқарған тсұта қол қойылған келісімге сай олар ядролық қаруға 5-6 жылдың ішінде қол жеткізуі мүмкін еді. Енді оның жүзеге аспайтынын түсінді.

Хабар 24 телеарнасы